Қаланың бас дәрігері дәрілік заттардың бағасына қатысты сөз қозғады
Қалалық баспасөз орталығында медицина саласының жетекші мамандарымен баспасөз брифингі өткізілді.
Журналистердің сауалына қаладағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлері жауап берді. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Гүлнәр Шарипованың сөз еткен бір мәселесі қалалық дәріханалардағы дәрілік заттардың бағасына қатысты болды.
Бүгінгі таңда қарапайым халықтың дәрі-дәрмекке қолы жете бермейтіні ешкімге құпия емес, салдарынан көпшілік халықтық медицинаға жүгініп жатады. Баға қалыптасуының сұрағы биліктің бақылауында.
Гүлнәр Шарипованың айтуынша, қазіргі таңда жыл соңына дейін қабылдануы тиіс нормативтік акт дайындалуда. «2019 жылдан бастап Қазақстанда дәрілік заттардың бағасы белгіленетін болады», – деп атап өтті қаланың бас дәрігері.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық дәрілік заттардың бағаларын реттейтін заңжобасы әзірленуде.